Warning: Declaration of JCacheControllerPage::store($wrkarounds = true) should be compatible with JCacheController::store($data, $id, $group = NULL) in /var/www/vhosts/v-21401.webspace/www/fariza.kz/libraries/joomla/cache/controller/page.php on line 199

Warning: preg_replace(): The /e modifier is no longer supported, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-21401.webspace/www/fariza.kz/libraries/joomla/filter/input.php on line 652

Warning: preg_replace(): The /e modifier is no longer supported, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-21401.webspace/www/fariza.kz/libraries/joomla/filter/input.php on line 654

Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/v-21401.webspace/www/fariza.kz/libraries/joomla/application/application.php on line 481

Warning: Declaration of JCacheControllerView::get(&$view, $method, $id = false, $wrkarounds = true) should be compatible with JCacheController::get($id, $group = NULL) in /var/www/vhosts/v-21401.webspace/www/fariza.kz/libraries/joomla/cache/controller/view.php on line 137

Warning: Declaration of JParameter::loadSetupFile($path) should be compatible with JRegistry::loadSetupFile() in /var/www/vhosts/v-21401.webspace/www/fariza.kz/libraries/joomla/html/parameter.php on line 512

Азамат Тасқараұлы: Қош, Апа!

Wednesday, 08 April 2015 06:47
Азамат Тасқараұлы: Қош, Апа!

Ең жақын екі адамымнан айырылдым. Кеше үлкен ағам, Өскеменнің құрметті азаматы Серік Ғабдуллаұлын қара жер қойнына тапсырып, қаралы отыр едім. Кешке Фариза апамның қайтыс болғанын естідім. Бірі жан ағам, бірі жан апам. Маған қанша көмек қылғаны, қанша қиын сәтте қол ұшын созғанын айтып тауыса алмаспын. «Көзім тірі болса саған қамқор болуға уәде берем, Азамат...» деуші еді. Соңғы сөйлескенімізді «Айналайын, тағдырыңнан қанша таяқ жесең де жазуыңды тастаушы болма! Асқақ бол! Апаң жаман аурудан бас көтере алмай жатыр, сөйлесе алмаймын...» деп телефонды қоя салды. Маған айтқан соңғы сөзі еді. Бір-ақ сәтте екі аяулы адамыңды жоғалту азап екен. Қош, Апа!

***

Ей, жалған, тура қара, қара маған!

Мен едім сені өлең ғып даралаған,

Сен едің бір-ақ сәтте қаралаған,

Ей, жалған, тура қара, қара маған!..

Тиеді оңай дейсің сынақ кімге,

Қайғыдан жүрмесек те жырақ мүлде.

Ет жақын екі адамым, іліп алып

Ұядан тастай салды бір-ақ күнде.

Сезді ме қатайғанын қанатымның,

Қалдым-ау құшағында қара түннің.

Кермек жас кеңсірікті бір ашытып,

Бұлт тіліп, әлсіз самғап баратырмын.

Білмеймін, арыз көп пе, өкпе көп пе,

Кермек жас, жоқтау боп кет, текке кетпе.

Сүйегі қуармайтын қу шұнағым,

Ей, жалған, кел енді, кел бетпе-бетке!

Жүректің қос тамыры жарылғандай,

Мұндайға дауа болар сабыр бар ма-ай?!.

Ол деген – күн батқандай дүние екен,

Қыранның қартайғаны ауыр қандай.

Үзілген моншақтарды уыстап құр,

Уы көп өткінші өмір ту ұстап тұр.

Түбінде жас қалмайды бұл көзде де,

Сол кезде сөйлесерміз дұрыстап бір,

Ей, жалған!

Фотомұрағат
Бізбен бірге болыңыз