Тоқтарәлі Таңжарық: Е, жалған-ай...

Сәрсенбі, 08 Сәуір 2015 06:43
Тоқтарәлі Таңжарық: Е, жалған-ай...

Таң атпастан Мақсат Мәлік хабарласыпты, 6,53-те. Сөндірулі болатын телефон. сағат сегізде қайта хабарласты, "Айтылмаған әңгіме" Фаризаға арналады, келесің бе?" деп. Түсінбесем де, дұрыс екен дедім. Сосын "Қазақ радиосын" қосып қалсам, "Фариза, Фариза жан..." боздап тұр. Жүрегім шым ете қалды. Мақсаттан не деп сұрарымды білмей, "Фариза апамыздың туған күні ме?" дедім қайта телефон шалып... Ары қарайғысы түсінікті ғой. 2004 жылы еді, "Шабытқа" бардық. фестиваль аяқталған күні апамыз өз атынан кафеге қонаққа шақырды әдебиет бөліміне барған жастарды. 100-ге жуықпыз. дастархан ыңғайына қарай, мен апамыздың дәл қасына отырып қалыппын. Жақсы әңгімелестік. "Неге ішпей отырсың, ақындар ішуі керек" деп қалжыңдады арасында. Сыпайылық сақтағансып отырғаным ғой, сосын... Қысқасы, елдің бәрі біз отырған жаққа фотоаппараттарының нысанасын бұрып, шыртылдатып түсіріп жатты. Мен мәзбін. Аракідік темекі шегу үзілістерінде: "Апамыз менімен суретке көп түсті" деп қоям. Е, жалған-ай... Фариза Оңғарсынова қазақтың жан-дүниесін әдебиет шуағына бөлеген биік шоғырдың бірі еді. Иманы жолдас болсын!

 

Фотомұрағат
Бізбен бірге болыңыз